Семей қаласының ішкі саясат бөлімі мен Орталық саябақ басшылығының қолдауымен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар Қанаты 2013 жылдың 16 тамызы күні Орталық саябақта мемлекеттік грантқа ие бола алмаған талапкерлерге арналған «Мамандықтар жәрмеңкесін» өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – абитуриенттерді қаланың ЖОО мен колледждерінде оқытылатын сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, оқу ақысын төлеу үшін банктерден несие алу мүмкіндігі туралы түсіндіру.
Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы