Новости

Семейде көпбалалы аналарға «Күміс алқа» төсбелгілері табыс етілді

Архив новостей 29 Мая 2023 в 07:19 863 просмотра 0 комментариев
лқа,

Семей қаласының әкімдігінде «Күміс алқа» төсбелгілерін тапсыру рәсімі өтті.

 Бұл жолы «Күміс Алқа» төсбелгілеріне Жанар Айсанова, Шынар Әлен, Алмагүл Еркежанова, Жанар Таласова ие болды.
Салтанатты шарада Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева барлық аналарға марапаттарын табыс етіп, зор денсаулық  пен бақыт, ұзақ ғұмыр тіледі. Ол аналарға елдің демографиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғысын айтып, Мемлекет басшысының көп балалы аналарды назарсыз қалдырмайтынын және жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.

Марапаттау рәсімінде алтын алқа иегерлері мемлекетке және қала басшылығына көрсеткен ілтипаттарына алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы