Новости

Семейде көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табыс етілді

Семейде көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табыс етілді

Архив новостей 10 Июня 2023 в 11:32 1461 просмотр 0 комментариев

Семейде ардақты және көп балалы аналарға құрмет көрсетілді. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Қалияс Жұмабай алтынқұрсақты аналардың кеудесіне «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін қадап, кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті.

«Сіздер тек балаларыңыз алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында абыройларыңызды асырдыңыздар», - деп атап өтті А. Доғалақов.

Қалияс Жұмабай құттықтау сөзінде: «Үш жыл ішінде 2040 анаға осындай төсбелгілерді табыс еттік. Елбасының тапсырмасын сіздердің алдарыңызда орындап отырғандарымызға қуаныштымыз», - деді.

 «Алтын алқа» Төлеутай Ақбатиева, Светлана Дәуленбаева, Шамшан Теңізбаеваға табыс етілсе, «Күміс алқамен» көп балалы аналар Индира Жақиянова, Рашида Хайбуллина және Алтынсара Карипбаева марапатталды. Салтанат кезінде ардақты аналарды олардың балалары мен немерелері, қалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар кеңесінің өкілдері құттықтады.

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы