Семейде, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің бірінде «Қазақстан Республикасындағы экстремистік-діни ұйымдардың іс-шаралары» тақырыбында кездесулер өткізілді. Оны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, әскери полиция, қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдері өткізді. Кездесулерге мерзімді қызметтің әскери қызметшілері қатысты.
Семей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев
тыңдаушыларға әртүрлі діни бағыттардың бар екендігін айта келе, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасында қызметіне
тыйым жасалған діни ұйымдар туралы ақпарат берді.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының аға офицері
подполковник А. Айғасқаев, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының
жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары майор Д. Ысқақов әскери
қызметшілерді өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, армия арасына діни
экстремистік идеяның кіріп кетпеуіне қырағылық танытып, Отанының нағыз патриоты
болуға шақырды.
16752 әскери бөлімінде өткен кездесулерге 153 адам қатысты. Әңгіме барысында аудитория тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.
Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы