Семей қаласы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында дәстүрге айналған «Мұражайдағы жазғы кеш» шарасы өткізілді.
Кештің тақырыбы «Қатерлі де айрықша 20-шы жылдар», қала тұрғындары мен қонақтарына сол өткен алыс жылдарға енуге көмектесті. Көрермендер сол заманғы музыка тыңдап, видео көріп, 20-шы жылдардағы керемет кино актерлер жайлы біліп, сол кезеңнің билерін тамашалап, өздерін де биші ретінде сынай алды. Спорттық-би клубы «Grace», В. Син авторлық өлеңдерімен, акустикалық музыка, поэтикалық-аспаптар дуэті «Дихабе» (бард-рок), студия «Alpha Dance», «AlphaMarino» студиясының орындаушыларынан, «Оптимистер әндері» рок-топтарынан лирикалық рок – осы орындаушылардың музыкалық би номерлері әрбір көрерменге ұнап, жанына үн қосты.
Мұражай қызметкерлерімен ұсынылған бұл тек бастапқы сыйлықтар болды. Макияж және сәнді шаш бойынша, шеберлік сыныптары қазіргі уақытта 20-шы жылдардағы әйел бейнесін көруге мүмкіндік туғызды. Қалаушы көрермен шеберлік сыныптарына модель ретінде қатысып, сол кейіптерге еніп қана қоймай, жеңімпаз өнер мұражайының ішінде тегін фотосессияға қатыса алды.
Мұражай алдында әр түрлі әзіл ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды, мұражай алдындағы саябақта шеберлер қалашығы орналасып, халық қол өнерін сүйетіндер өздеріне немесе достарына кәде сыйларын сатып ала алды. Сонымен қоса, қызығушыларға шеберлермен сабын, әшекей жасау, портрет салу және т.б. шеберлік -сыныптары өткізілді.
Ұйымдастырушылар келушілерге барлық жағдайды ойластырып дайындады. Кештің соңында барлық келген қонақтар, қала тұрғындары мұражай қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, «Тілектер қабырғасына» өз алған әсерлерін жазды.
Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы