Күшікбай асуында М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің бас кейіпкері - Ғазизаға белгітас қою мақсатымен еске алу шарасы өткізілді. Шараның негізгі бастамашысы - сенатор, академик -ғалым Ғарифолла Есім.
Тарихи маңызы ерекше басқосуға қаланың зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, әдебиет жанашырлары мемлекеттік орган басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, шығармашыл жастар қатысты. Іс-шара барысында Ғазизаға арналып, арнау-өлеңдер оқылып, әндер айтылды. Шара Ғазизаның құрметіне ұйымдастырылған аспен аяқталды.
Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы