Новости

«Көктем» жазғы алаңында еврей этномәдени орталығы концерт ұйымдастырды

Архив новостей 29 Мая 2023 в 09:20 1600 просмотров 0 комментариев

 «Көктем» жазғы алаңында «Бокер» еврей этномәдени орталығының Жастар қанаты қалалық Достық үйімен бірлесе, Қазақ футболының 100 жылдығы және Астана қаласының 15 жылдығына арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес «Біз өз еліміздің патриоттарымыз!» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Аталған шараға 150 ден астам адам қатысты.

Өткен іс-шараның негізгі мақсаты - жастардың бос уақытын мәнді өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен қатар қала тұрғындарына Достық үйінің этномәдени бірлестігін жақын таныстыру. Шағынауданның тұрғындары мен қонақтарына қызықты концерттік бағдарлама ұсынылды. Әсіресе Антон Ваизгеим мен Ксения Вейдің орындау шеберліктері ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар концертке ақын, бард  Вадим Сутармин шақырылды. Ол қалалықтарды өз шығармашылығымен қуантты.

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы