Новости

Бразилияда дзюдодан әлем чемпионаты өтті

Бразилияда дзюдодан әлем чемпионаты өтті

Спортивные новости 29 Мая 2023 в 09:06 982 просмотра 0 комментариев

Жақында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтті. Ересектер арасында әлемнің кіл мықтылары бақ сынаған сайыста Семей қаласының балалар мен жасөспірімдер олимпиада спорт резерві мектебінің тәрбиеленушісі Дастан Ықыбаев нәтижелі өнер көрсетті.

Аталмыш спорт мектебінен хабарлағандай, жерлесіміз алдымен Қытай, содан кейін Израиль спортшыларымен белдесіп, қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан. Одан кейінде спортшымыз Грузин балуанынан басым түсіп, жартылай финалға шығуға арналған бәсекеде франциялық спортшымен айқасады. Алайда, тартысты өткен белдесуде қарсыласы басым түсіп, ұтылып қола белгі үшін белдескен. Осылайша үшінші орын үшін таласқан Дастан бұл жолы да жеңіліс тауып, бесінші орынға тұрақтаған. Дегенмен, жаттықтырушылардың айтуынша, әлемдік деңгейде өткен бәсекедегі бұл нәтиже жоғарғы көрсеткіш деп отыр. Кіл мықтылардың ішінен көрінудің өзі екінің бірінің қолынан келмейді дейді мамандар.

Айта кетейік, Азамат Мұқанов 66 келі салмақ дәрежесінде күміс медальді жеңіп алды. Өкінішке орай, еліміздің балуандары іріктеу айналымынан өте алмады. Елдос Сметов пен Асхат Тельманов қана өз салмақ дәрежелерінде жетінші орын алған.