Кеше кешқұрым Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін Жаңа көпір үстінде қайғылы оқиға орын ала жаздады. Жергілікті тұрғындардың бірі өзіне-өзі қол жұмсамақ болған.
Оқиға орнына құтқарушылар мен тәртіп сақшылары қызметкерлері жиналып қалды. Мұнда отбасымен ұрысып қалған жиырма жастағы бозбала көпірден төменге қарай секіріп кетпек болыпты. Бұл жайындағы суыт хабар құзырлы органдарға кешқұрым түскен.
Абырой болғанда оқиға сәтті аяқталды. Құтқарушылар жігітті райынан қайтарып, арнайы арқан арқылы жерге түсірді. Айта кету керек, бұл аспалы көпірден секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғындардың алғашқы жағдайы емес. Бұған дейінде екі бірдей оқиға орын алып, секіргендер қайғылы қазаға ұшыраған еді.